Астаналық полицей шетел азаматтарының қалтасын қағып келген
Астанада ішкі істер министрлігінің қызметкері шетел азаматтарының қалтасын қағып келген.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.
Күдікті өзін миграциялық полиция өкілі ретінде таныстырып, өзге елден келгендерден уақытша тіркеуге тұрғандарын растайтын құжаттарын талап етіпті. Әйтпесе, қомақты айыппұл саламын қорқытқан. Бұл туралы елордадағы Алматы ауданы прокурорының орынбасары Болат Мизанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдіктерге шүйліккен экс-полицей хаттама толтырмау үшін оған пара берулерін талап еткен. Әзірге 2 жәбірленушінің бары анықталды. Күдікті олардан 25 мың теңге алып үлгеріпті.
Жіберіп алмаңыз:
Елімізде айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған
Ұшақ селфи жасап тұрған қыздардың басын жұлып кетті
Ғалымдар баланы жиі құшақтап тұрудың пайдасы қандай болатынын жариялады
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"