Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық қызының дертіне бола ломбард тонаған болуы мүмкін

Астана қаласында ломбардты тонамақ болған жігіт 2 айға қамауға алынды. Сот оның жасаған қылмысын ескеріп, қоғамға аса қауіпті адам деп таныды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0

Фото: life.ru

Дәл қазір жігітке ірі тонау жасап, адамдарды кепілдікке алды деген екі айып тағылып отыр. Екі бап бойынша да ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін. Шамамен 15 жылға. Өткен жексенбіде медициналық маска киіп алған 42 жастағы азамат пневматикалық қарумен ломбардқа шабуыл жасап, екі қызметкерді кепілдікке алған.

Полиция қылыскермен ұзақ уақыт келісім сөз жүргізіп, артынша бір қызметкерді босатып алған. Ал екінші бойжеткенді ішке енген кезде құтқарған. Ешкім жапа шеккен жоқ. Азамат мұндай әрекетке қызын айықпас дерттен құтқарып қалу үшін барғанын айтқан. Десе де, оның бұл сөздері әзірге ресми расталмады.


Жіберіп алмаңыз:

Өзбекстандық қыздармен танысып, оларды тонауды кәсіп қылған (фото)

Алматы ІІД: Күлекбаев бірнеше мәрте қарулы тонау және қарақшылық шабуылдарына қатысқан

Ақтөбеде көліктерді тонаушы полициядан шыға салысымен қайтадан ұрлық жасаған

Қызылордада “голливудтық” тонау ұйымдастырғандардың соты аяқталды

Талқылау