Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық кәсіпкер “Обама”, “Вова” және “Нұреке” деп аталатын дәмхана ашпақ

Қазақстандықтар – фудтрак немесе “көшпелі аспаз” стиліндегі бизнестің жаңа түрін қолға алмақ. Қала ішін аралап жүріп тамақ ұсынатын қызметтің бұл түрі бізге АҚШ-тан келген. Бұл қазіргі дағдарыс жағдайында бағасы шарықтап тұрған мейрамханаларға лайықты жауап болуы мүмкін.

20160213_10_56_48_53586

Фото: Total.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Көшпелі аспаз” жуырда болған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиналыснда да сөз болды. Алайда жылжымалы дәмхана ашуға біздің елде оңайға түспейді екен. Осы істі қолға алған жас кәсіпкер Нұрсұлтан Шәріпбаев біраз қиындыққа кез болған. 22 жастағы жігіт Астанада “Обама” деген атаумен қызыл автобустағы дәмхана ашпақшы. Алайда әкімшілік полиция басқармасы оның бұл идеясын қолдамаған. Мұны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы полицияның өктемсігенінен емес, жас бизнесменнің заңды жетік білмеуінен деген.

“Жас жігіт есептен шығарылмаған тіркеудегі көлікті пайдаланған. Заңға сәйкес ондай ілінген сурет автобустың тек 40 пайызын ғана алуы тиіс. Есептен шығару түк те қиын емес, тек өтініш жазып, өшіріп тастауға болады. Сол кезде ешқандай қарсылық болмайды”, – дейді әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Бақытжан Алтайбаев.

“Менің иығымнан жүк түскендей болды. Енді бұл жобаны көп күттірмеймін. Әкімдікпен байланысып, үш орын үшін үш автобус алуды жоспарлап отырмын”, – дейді жас кәсіпкер.

Батыстық тағамдар ұсынатын “Обама” фудтрагымен қатар ол, квас, тұшпарасы бар “Вова” және қазақша асханасы бар “Нұреке” дәмханасын ашқысы келеді.

“Біз ол жерде қымыз, шұбат, бауырсақ, қазы дайындаймыз. Біз бұл жобаны “ЭКСПО-2017″ қарсаңында бастап отырмыз. Біз әрі өз өнімдерімізді дәріптеп әрі ақша табамыз”, – дейді Нұрсұлтан.

“Қазір жылжымалы асханалар мен дәмханалар трендке айналып келе жатыр. Бұл экономикалық дағдарыспен байланысты. Үлкен мейрамханалар да өздерінің табысын төмендетіп алмас үшін, осындай әрекеттерге барады”, – дейді ҰКП хатшысы Жібек Әжібаева.

Талқылау