Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық кәсіпкер берген уәдесі бойынша көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Астаналық жас кәсіпкер Жандар Садықов көпбалалы отбасыға пәтер кілтін сыйлады. Бұған дейін кәсіпкер баспанаға мұқтаж отбасын іздеп, үй алып беруге уәде еткен болатын.

Кәсіпкер отбасына сатып алып берген баспанаға жөндеу жұмысын жүргізіп, жағдайын жасап бермек.

“Қарабаевтар отбасын баспаналы болуымен құттықтаймын. Үй іші бақыт пен берекеге толы болсын. Менің “жақсылық жаса” эстафетамның мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созатын жандарға қолқа салу. Бәріне баспана бұйырсын. Болашақта өзіме жазып алған өзге де отбасыларға сыйлық алып барам. Қарабаевтар отбасынының баспанасының жөндеу жұмысын өз мойныма алам. Инстаграмда жауап жаза алмаған қолданушылардан кешірім сұраймын. Мұны мақтан үшін жасады, жарнама үшін жасады деп айыптағандарға айтарым, бұл жайлы енді жазбаймын. Мен айтқанымды орындадым. Жақсылық жасаушы жандар, тасада қалмаңыздар. Бұл көпке үлгі болады деп ойлаймын. Алла разы болсын баршаңызға!, – деп жазды кәсіпкер парақшасында.

Желі қолданушылары жас кәсіпкерді атқарған үлкен жұмысына алғысын айтып жатыр.

“Алланың нұры жаусын, сіздей азаматтар көп болсын! Жақсылығыңыз еселеп қайтсын. Жарайсың, ісіңе береке берсін. Жомарт жүректі, мейірімді жан екенсіз”, – деп жазды олар.

Бұған дейін кәсіпкер жігіттің бір отбасына пәтер алып бергісі келетіні жайлы жазған едік. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау