Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйел Корей азаматын қызымды азғындады деп айыптады

31 жастағы астаналық әйел өзінің қызын азаматтық некедегі күйеуі азғындыққа итермеледі деп полицияға арыз жазды. Бұл туралы Астана қаласы ІІД хабарлады.

Оқушы қыз жігіттің туған қызы емес.

9 жасар қыздың анасы Астанада 2013 жылдан бері Корей азаматымен бірге азаматтық некеде тұратынын айтты. Өткен жылы оның 39 жастағы күйеуі қызын бірнеше жыл бойы азғындап келгенін білген.

“Қызым оны “әке” деп айтты. Ол маған бұл туралы айтуға қорыққан, кейін қалай болғанын айтып берді. Әкесі оған не істегенін айтты. Менің 22 жастағы жиенім 2015 жылы күйеуімнің жасаған жыныстық қорлығын айтты. Бірақ ол да маған айтудан қорыққан”, – дейді әйел.

Бірақ, азаматтық некедегі күйеуі бұл оқиғаларды жоққа шығарып, мойындамаған.

Әйел бұл оқиғаға қатысты шара қолануын, кінәліні қамауға алуын өтініп құқық қорғау органына жүгінді. Қыздың анасы бұл іс тергеліп жатқанда күйеуі Қазақстаннан шығып, өз еліне кетіп қалуынан қорқады.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу басталып кетті.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр

Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)

Қостанайда кеден бекетінің бұрынғы 8 қызметкері сотталды, олардың 6-ы әйел

Америкалық 9 жасар бала ұрыны ойыншық мылтықпен қорқытты

STAN.KZ
Жұма, 05 Қаңтар, 2018 14:53
Талқылау