Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық ару қалталы азаматқа не үшін тоқал болуға келісетінін түсіндірді

Жоғары білімді бойжеткен тұрмысқа шығу үшін не себепті тек қалталы азаматты іздеп жүргенін түсіндірді. Жібек (есімі өзгертілген) есімді жасы 25-тен асқан ару Алматыда филолог мамандығы бойынша білім алған. Осы салада жұмыс істеу мақсатында Астанаға көшіп кеткен. Ата-анасының жалғыз қызы сол қалада қалып, сонда өсіп-өнгісі келетінін де жасырмайды.

қыззззз

Көрнекі сурет.

Жібек Stan.kz  сайтының тілшісіне сұхбат бергендегі мақсаты, тоқал болудың ешқандай да ұят еместігін түсіндіргісі келеді.

– Жібек, сіз сүйкімді әрі тартымды арулардың қатарына жатасыз, студент кезіңізде де сізге отбасын құруға ұсыныс жасағандар  көп болыпты, тұрмысқа шығуыңызға не кедергі болып жүр?

– Мен өзіме лайықты азаматты іздепжүрмін. Өмірлік жолдасым меннен де ақылды болуы шарт. Көп оқыған, ел көрген, жер көрген. Ой тоқтатқан азамат.
– «Жақсы әйел жаман еркекті «адам» етіп алады» деп жатады. Өзіңізге қызыққандардың біреуін таңдап,тәрбиелеп алуға болмайды ма?

– Жоқ. Қазір заман басқа. Оның үстіне, жасым 30-ға жақындады. Маған сол шамалас, тіпті жасы бұдан да үлкен жігіттер сөз салады. Бірақ, өмірінің жартысын сүріп болған адамды қалай тәрбиелеуге болад? Одан қалса, оған не үшін уақытым мен жүйкемді кетіруім керек? Менің тыңғылықты жұмысым бар, енді бала тауып отбасыммен болғым келеді. Ол үшін тура осы Астанада жағдайы жақсы адамды табу керек.

Жағдайы жақсы дегенім ол міндетті түрде үйі, жұмысы, көлігі, жылына екі мәрте ел аралауға жететін табысы болуы керек. Егер маған осындай жағдай жасап бере алмаса несіне оның ұрпағын көбейтіп, өзіме қожайын қылып отырамын.

Басы бар жігіттің табысы да жақсы болады. Ал нағыз жігіт, білімді, намысты, тек жолы болмай жүр деген сөздер меніңше бос әңгіме. Егер ол расымен жігіт деген атқа лайықты болса барлық затты үйлестіре білуі керек. Егер болмай жатса, жетістікке жеткен ағаларымыздың біріне екінші әйел болған дұрыс.

– Сонда тоқал болуға да дайынсыз ба?

– Менде тағы 1-2 жыл уақыт бар. Егер ойымдағыдай басы бос немесе ажырасқан жігіттер табылмаса неге тоқал болмасқа? Мысалы, жұмыс барысында, көшеде көріп танысып қалған қалталы азаматтардан бірнеше мәрте сондай ұсыныстар түсті.

Отбасымда жалғыз қыз болғандықтан ата-анамның ұятын ойладым. Оның үстіне менде қазір әдемілік, сымбат бәрі бар. Сол үшін асықпадым. Бірақ, анама соңғы жылдары тоқалдықтан шошымау керектігін айтып жүрмін, құлағын үйретіп дегендей.

Танымал әйелдердің жартысы тоқал болсада, күйеуін алғашқы отбасынан ажырастырып алса да қазір абыройлы. Басында ел 2-3 жыл дүрлігеді. Кейіннен үйренісіп, тіпті танымал тоқалдардың жақсылығын айтып мақтай кеткен жағдайлар да аз емес.

Несіне жалған намысты ту етіп, өмір бойы бір жалқауды асырап, оған басымды иіп, сүйреуім керек? Қалталы адам ұрпағын далаға тастамайды. Жасы үлкен кісі болса да оның қаны таза, балалары білім мен мәдениетке құштар болады деп ойлаймын. Сондықтан, тоқалдыққа өз еркімен көнген жас қыздарды ешқандай да кінәлаудың керегі жоқ.

– Отбасында жалғыз қызсыз. Неліктен мұндай ойдасыз? Әлде бала күніңізде, мүмкін қазір де отбасылық жағдайларыңыз төмен бе?

– Жоқ. Анам- дәрігер, әкем-қаржыгер. Алматыға оқуға түскенімде сол қаладан үй алдық. Ата-анам мен үшін жұмысын ауыстырып сонда келді. Астанаға кетем дегенімде де ешкім қарсы болмады. Осы қаладан да үй алып берді. Ата-анам жұмыстарын ауыстырып соңымнан келді. Сондықтан ешқашан ақшасыз қалған емеспін.

Бұл менің айналама қарап түйген ойым. Ал негізінде статистика бойынша, махаббатпен емес есеппен қосылған ерлі-зайыптылар сирек ажырасады екен.Себебі олар өз болашақтарын жоспарлай білген. Есеп деген тек ақша емес.

Мінездерінің үйлесімділігі, мамандықтары, ұстанымдары мен көзқарастары. Сондықтан, менің және болашақ балаларымның «жағдайын жасаймын, бірақ екінші немесе үшінші әйелім боласың ба?» дейтін азамат кездесіп жатса ұсынысын қабыл аламын. Бұдан ешқандай да жамандық көрмесім анық.

Қымбатты оқырман, өзіңіздің басыңыздағы жағдайды немесе көзбен көрген оқиғаны халық білуі тиіс деп білсеңіз [email protected] поштасына хат жазыңыз. Фото немесе видео жолдағыңыз келсе +7 702 115 29 81 номеріне тіркелген whatsapp-қа да хабарласа аласыз.

Оқи отырыңыз:

Үндістан тұрғындары адасып қалған әжейді мыстан деп ойлап ұрып өлтірді

Екіқабат дәрігер өзге емделушіні босандырып, 5 минуттан соң өзі де қызын өмірге алып келді

Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген

Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Қытайда туыстары қамалған қазақтардың арызы жиіледі

Талқылау