Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанаға нәпақа табуға келген азамат 3 ай құлдықта болғанын жайып салды

Жамбыл Болатбаев 3 ай құлдықта болғанын айтады. Астанаға оңтүстіктен келген Жамбыл құл базарда жұмыс істеп жүрген. Кейіннен Ербол есімді жігіттің ұсынысымен 50 мың жалақыға жұмыс істеуге келісім береді.

Астанаға нәпақа табуға келген жамбылдық азамат 3 ай құлдықта болғанын жайып салды

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Астана қаласында қыстауда жұмысқа кіріскен ол 15 күн жұмысының жақсы болғанын айтты. Уақыт өте келе жұмыс иесінің тамақ бермей, өзі сұраған жалақысын алмағаны тағы бар. Бірнеше рет қашуға бел буған Жамбылды қатты соққыға алған. Соның кесірінен оның денсаулығына зақым келген.

“Күніне 6-7 мың теңгеге дейін тапқан кездерім болды. Сөйтіп жүрген кезде бір кісі джиппен келді. Жеке жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Малдың тілін білесің, мал бағасың, – деді”, – дейді Жамбыл.

Сырт көзге бақуатты болып көрінген азамат оған тегін тамақ пен жататын жерден бөлек, айына 50 мың теңге жалақы беруге уәде берген. Алғашқы айда жұмысына қарап, жақсы істеген жағдайда, айлығын көтеретінін айтқан.

Бағдарламаға келген заңгер Жандос Тұяқов бұл жағдайда құлдыққа емес, еңбек қарым-қатынастарына жататындығын айтты. Бағдарлама барысында кейіпкерлерді жұмыспен қамтимын деп хабарласқан көрермендер де болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр