Астанадағы өртке қатысты бес баланың ата-анасы қылмыстық жауапқа тартыла ма

Астанада бес баланың өліміне қатысты ата-анасының жауапқа тартылу мәселесі жайлы ІІМ пікір білдірді.

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, ата-анасының балаларын қараусыз қалдыруы қылмыстық іс ретінде қарастырылады.

“Бұл жайтты сотта қарайды. Баланың қауіпсіздігіне жауапты болмағаны үшін қайтыс болған жағдайда ата-анасын жауапқа алу заңы бар. Ал, бұл жерде бір отбасының бес бірдей баласы қаза болды. Сондықтан бұл мәселе тергеу мен сотта тексеріледі”, – дейді Юрий Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Бұған дейін Юрий Ильин балалардың әкесінің түннің бір уағында жұмысқа шақырылғанын айтқан еді. Туыстары балаларды сырттай бақылаған. Алайда бір сағат өткенде үйдің жанып жатқанын көрген.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды. Бір отбасы бес бірдей қызынан айырылды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршіндер тілсіз жаудың құрбаны болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр