Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы көрме кезінде үстіне жарнама жазылған стенд құлап кеткен ер адам ауруханада көз жұмды

Астанада өткен KADEХ-2018 халықаралық көрмесінде үстіне жарнама жазылған стенд құлап кеткен ер адам алған жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанадағы көрме кезінде үстіне жарнама жазылған стенд құлап кеткен ер адам ауруханада көз жұмды

Ведомствода хабарланғандай, көрме кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматына сол жерде кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Салдарынан зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскенде есін жиған, жағдайы тұрақты болатын. Алайда емдеу мекемесінде жағдайы күрт нашарлап кеткен. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысқанымен, ол көз жұмды», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, көрмені «Астана Экспо КС» ЖШС ұйымдастырғаны аталған. Ал ер адамның үстіне құлаған жарнамалық стендті «Астана Экспо КС» ЖШС жалдаған мердігер орнатқан.

Қазіргі уақытта аталған қайғылы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетін болады.

Ведомстводағылар марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астанадағы көрме кезінде ер адамның үстіне жарнама жазылған стенд құлап кеткенін жазған едік.

Талқылау