Басты жаңалықтар
Астанадағы Абу-Даби Плаза кешені өртке оранып жатыр (видео)
Өрт туралы хабар өртке қарсы қызметке түнгі 04.40 шамасында түскен. Он минуттан соң өрт сөндірушілер оқиға орынына жетіп, сөндіруді бастап кетті.
Сурет ҚазАқпарат сайтынан алынды
“Абу-Даби Плаза” кешені тұрғызылып жатқан құрылыс сенбі күні өртке оранды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Өрт көкпен таласқан биік құрылыстың 25-ші қабатынан шығып, ағаш қалыптар жана бастаған. Тілсіз жаудың пайда болуына ондағы газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін.
Руслан Иманқұловтың айтуынша өртке қарсы қызмет бөлімінің кезекші тобына хабар түнгі 04.40 шамасында түскен. Он минут өткенде өрт сөндірушілер сол арада болып, жалынды басуды бастап кеткен. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
“Ол жерде Астана қалалық өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 60 адамы және 17 техника бірлігі жұмыс жасап жатыр”, – дейді ресми өкіл.
Талқылау

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
Шахризаданың да бауырлары Египеттен келген жездесін жақсы көріп үлгерген

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
Сөзінше, бұл аналық бездің мерзімінен бұрын әлсіреп, сарқылуынан туындайды