Астанадағы ірі сауда орталықтарының бірінде қыздың үстіне пальма құлады
Күні кеше наурыздың 8-ші жұлдызында Астанадағы ірі сауда-ойын-сауық орталығында эскалаторда тұрған қызға пальма құлап түскен. Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеолар желіде тез таралып кетті, деп жазады Sputniknews сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарттық агенттігі.
Камераға жазып алған сауда орталығына келушілерінің бірі болып шықты. Видеодан адамның пальма ағашының астында жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша ағаш қыздың үстіне 4-ші этаждан құлап түскен.
«Оның жағдайы бір қалыпты, есін біледі. Алдын ала қойылған диагноз - жабық компрессия, асқынған сынық дене он бірінші кеуде омыртқасы. Қазіргі уақытта емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Компьютерлік томографияға кеуде және бел бөлімдері түсірдік. Жүре алады, аяқ-қолын қозғалта алады. Дегенмен, науқас алдағы уақытта төсектен тұрмай ем қабылдауы керек", - деп мәлімдейді аурухана дәрігерлері.
Бұл факті бойынша алдын ала тергеу 306-баптың «Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» деген қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатындығын Астана қалалық полиция бөлімшесі хабарлайды.
Дәл осындай инцидент бұрын Атыраудағы сауда орталығының біріне орын алған. Ол кезде үш адам эскалатордан құлаған. Төтенше жағдайдың салдарынан түрлі жарақаттармен екі әйел және үш жастағы бала ауруханаға жеткізілген еді.