Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Төрт бала анасыз қалды: Астанада журналист әйелді өлтіріп кетті
Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Тілшінің кісі қолынан қаза болғанын әріптестері әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кісі қолынан қаза болған көпбалалы жас ана өз үйінің подъезінде өлтірілген.
Әріптестерінің айтуынша, Бекетова төрт баланы да жазғыз өзі асыраған. Тұңғышы мүгедек, ал үйдің кенжелері үшке де толмапты.
«Бізді көп нәрсе байланыстырды. Бір университетті бітіріп, ұзақ жылдар бойы теміржол саласында бірге жұмыс істедік. Кенже балаларымыз да бір жылда дүниеге келген, сонымен бірге екеуміз йогаға бірге баратынбыз. Ол жақсы ана және ойлампаз журналист болды»,-деп есіне алды әріптесі Любовь Подоляк.
Журналистің қайғылы өліміне қатысты түсініктеме берген Астана полициясы Бекетованың өліміне қатысы бар күдіктінің қолға түскенін хабарлады.
Полицейлер журналистің денсаулығына қасақана зиян келтірді деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғынын қамауға алды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты