Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жұмысшылар атқарған жұмысы үшін 4 айлық жалақысын ала алмай жүргендерін айтып ашынды

Астанада 19 жұмысшы 4 ай бойы жалақысын ала алмай жүр. Олар қаладағы мемлекетке тиесілі балабақшалардың бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты жылыту үшін тер төккен. Алайда, әкімшілік тарапынан тендер ұтып алған компания ғимаратты соңына дейін жөндетіп, маңдай термен ақталған еңбекақыларын бермей қойыпты.

Астанада жұмысшылар атқарған жұмысы үшін 4 айлық жалақысын ала алмай жүргендерін айтып ашынды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Таң атпай, саршұнақ аязға қарамастан, балабақшаның алдына жиналған жұмысшылар әділдік іздеп жүр. Себебі, барлығы отбасының қамы үшін өзге аймақтардан келіпті. Жұмысты барынша адал істедік, алайда көкірегімізден тепті. Адам құрлы көрмей, ақшамызды берер түрлері жоқ, деп налыды.

«Басында береміз деді. Кіріп істедік. Ақырында бермей кетті. Бәрін істетіп, бәрін қабылдатып. Қабылдаған кезде де жүрді бәрін айналдырып. «Мынаны істесең ақша шығады, береміз», – деп бәрін істетіп алды да, ең соңында бәрі қашып кете салды», – дейді жұмысшы Еркебұлан Сүлейменов.

Еліміздің оңтүстігінен жұмыс істеуге келгендер пәтер жалдап тұрып жатыр. Оның үстіне, ай сайын өтейтін несие тағы бар, дейді. Күн санап, көпбалалы отбасыларын әрең асырап жүргендер көмек сұрап бармаған жер, баспаған таулары қалмапты.

«Шымкенттен жұмыс істеуге келгенбіз. Осында пәтер жалдап тұрамыз. Енді пәтер арзан емес. Отбасымда төрт бала, бір қызым бар», – дейді жұмысшы Жамбыл Әлиев.

Олардың сөзінше, атқарған жұмыстары үшін мердігер 3,5 миллионнан теңгеден астам ақша берешек екен. Қаражатты талап етсе, ай сайын түрлі сылтау айтып, созып жүрген көрінеді. Оған себеп, әкімшіліктен тендер ұтқан компания жұмысшыларды жалдаған мердігерге ақша бөлмей жүр екен. Ал, себебін компания өкілі былай түсіндірді:

«Керекті құжаттарды толығымен жетістірмегендіктен, ол компания ақша төлемеген. Менің ойымша, атқарылған жұмыстар актісі, шот-фактураны реттестіру керек. Ол жерде мен жұмыс істемеймін», – дейді мердігер өкілі Алмас.

Жұмысшылардың айтуынша, оларды мұнда таныстары шақырған. Осылайша, сенімдеріне кіріп олардың біреуімен де жеке еңбек келісім шартына отырмаған. Алайда, заңгерлер бұл жағдайдан да шығуға болады деп отыр.

«Жұмыс берушімен келісім-шарт жасалмай, алданып қалған жағдайда жұмысшылар мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінгендері жөн. Топ болып арыз жазып апарулары қажет. Осы құжат негізінде іс толық тексеріледі. Ал, егер жұмыс беруші жұмысшыларды еңбек келісім шартынсыз жұмысқа алғаны айқындалса, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 186-бабы бойынша міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – дейді заңгер Алексей Гладилин.

Заңгерлердің пікірінше, бұндай жемқорлық пен алаяқтық әрекет елімізде кең етек алған. Әсіресе, тендермен жұмыс істейтін компанияларды ақ деу қиын. Сондықтан, оларды тексерген жөн, дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау