Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жұмыртқа сатушы әйел өзінің керемет дауысымен таңғалдырды (видео)

Астанадағы базарлардың бірінде жұмыртқа сататын әйел өзінің ерекше дауысымен таңғалдырды.

Безымянный

Сатып алушының өтінішімен ән орындап берген әйелдің видеосы желіде кеңінен таралып жатыр.

Оның ерекше талантына тамсанып үлгергендер, оған Димаш Құдайбергеновпен дуэт айтуға да кеңес беріпті. Видеода әйел “Туған өлке” деген әннің үзіндісін орындап берген.

Нұрғиса есімді Астана тұрғыны “Евразия” базарында жұмыс істейді екен.

👍👍👍 @dudoser

Публикация от Almaty | Astana | Video (@kaztwitter)

“Міне қалай жұмыс істеу керек, ерекше көңіл-күймен, басқаларға позитив сыйлайды, өз жұмысын сүйеді! Сенің кім екенің маңызды емес: сатушы, аула тазалаушы немесе бастық!” – деп жазады желі қолданушысы.

Желі қолданушыларының біразы ол өзінің дауысын сақтау үшін ара-тұра шикі жұмыртқа да ішіп тұратын шығар деп әзілдепті.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көшедегі сатушы ыдыстарын арық суына жуады (видео)

Шымкент судың астында қала жаздады (видео)

ШҚО-да туристердің тамағын ұрлап жүрген аю видеоға түсіп қалды (видео)

Өзбекстанда ұсталған Семей тұрғыны отанына оралды

Талқылау