Астанада ЖОО студенті ұрлық жасап ұсталды
Ақмолалық полицейлер ұялы телефон ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстады.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
“Кезекші бөлімге Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны хабарласып, әлдекім ұлының “Айфон 6″ маркалы телефонын ұрлап кеткенін айтты”, – делінген хабарламада.
Әйел келтірілген шығын көлемін 170 мың теңгеге бағалаған. Белгілі болғандай зардап шегушінің ұлы жалдамалы пәтерде достарымен бірге көңілді кеш өткізген. Ал бәрі ұйықтап қалған кезде студент жігіт ұялы телефонды ұрлап алады.
Ұрлықшының тұлғасы анықталып, оның 18 жастағы студент екені белгілі болды. Ол қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алады екен. Қазіргі таңда “Ұрлық” бабы бойынша іс қозғалды.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді
Өскемендік жігіт 20 жасында сүндеттелгенін айтты
Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері мекемені әлдекімдердің дуалап тастағанын айтып даурықты

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
