Астанада Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алу кезінде қолға түсті

Жұма, 29 Шілде , 2016 14:22

Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алу үстінде қолға түсті. Ол 2,1 миллион теңге көлеміндегі параны екі адамнан алған, – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

деньгиии

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюро хабарлады.

Хабарламада айтылғандай Астана қаласы әкімдігіне қарасты Жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Е.Н.Сүлейменов жылдамдықты азайту үшін төселген кедергілерді («жатқан полицей») алып тастау үшін пара алған.

«Екі кәсіпкерден жалпы сомасы 2,1 млн теңге болатын пара алу үстінде қолға түсті. Алғашқысында ол жолдағы қолдан жасалған кедергілерді («жолда жатқан «полицей») алып тастау жөнінен орындалған жұмыстар актісіне қол қою және осы кәсіпкерді жұмысын адал атқармайтын мердігерлер реестріне енгізбеу үшін делдал арқылы кәсіпкерден 1,5 млн теңге пара алған» – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Сүлейменовтің келесі қылмысы да осындай болмаған жұмыстарды «болды» дегізіп акт толтыру үшін жасалған. Нақтырақ айтсақ аялдама павильондарын сырлау және жуу жұмыстарының орындалғаны туралы актке қол қою үшін екінші бір кәсіпкерден 600 мың теңге пара алған.

Бұл екі жағдайдың әрбірінде заңсыз сыйақы алу мемлекеттік сатып алу конкурсының бұған дейін ұтып алынған сомасының 10%-ын құраған дейді ұлттық бюродағылар.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар