Астанада жеңіс лентасы тегін таратылып жатыр
7 мамыр күні 10.00 де Астанада “Жеңіс Лентасы” атты азаматтық акция басталды. Ленталар үш күн бойы “Бәйтерек”, “Отан қорғаушылар” монументы жанындағы алаңқайда, “Хан Шатыр” сауда ойын-сауық орталығы жанында және қалалық әкімдік алдында тұрғындарға тегін таратылмақ.

Сурет politota.dirty.ru
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Акция барысында 30 мың лента көпшілікке таратылады деп жоспарлануда. Тұрғындар мен қонақтар ленталарды әскери киімге ұқсас арнайы косюм киген еріктілердің қолдарынан ала алады. Лента тарататын аумақтар да арнайы шатыр да тігілген.
Акцияның басты мақсаты – соғыс жылдарын үнемі есте сақтап, отан үшін жанын қиған ерлерді ұмытпау.
Елімізде Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында тағатын мемлекеттік тудың түсімен бірдей арнайы лента жасалған. Ту түстес лентаның ұзындығы 30 см, ені 3 см. Лентада “9 мамыр – Жеңіс күні. 1941–1945 жылдар” деген жазулар бар. Бұл ретте георгий лентасына ресми түрде тыйым салынған жоқ.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты