Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “жемқорлыққа қарсы” автобустар шығады

Астанада арнайы автобуста қозғалатын мобильді насихаттау тобының құрамына сегіз адам кірді, олардың арасында шенеуніктерден бөлек Астана блогерлер альянсының өкілі Арыстанғали Сансызбаев және бокстан әлем чемпионы Данияр Төлегенов бар.

1696451
Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің баспасөз қызметі.

“Мобильді насихаттау тобының мүшелері мемлекеттің жүргізіп отырған жемқорлыққа қарсы саясатын жариялап, азаматтарды жедел қабылдауды жүзеге асыратын болады. Мобильді насихаттау тобы жұртшылық үшін күнделікті өмір сүру салты ретінде жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс үлгісін насихаттайтын құралға айналмақ”, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Пилоттық тәртіпте қалалық коммуналдық кәсіпорындардың  500-ден астам адамы бар төрт еңбек ұжымымен көшпелі түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Мобильді топ баратын алғашқы нысан —  “Астана су арнасы” МКК.

Жіберіп алмаңыз:

Атақты айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы мен Мұхамеджан Тазабеков әлеуметтік желіде айтысып қалды

Жаңа босанған әйелдің өлімі үшін елордалық акушер-гинекологтар істі болып жатыр

Петропавлдық оқушы өз отбасын өлімнен құтқарып қалды

STAN.KZ
Жұма, 03 Наурыз, 2017 09:09