Астанада жатақхана маңынан табылған нәрестенің анасы табылды

Жұма, 29 Сәуір , 2016 12:02

Полицейлер Астанада жатақхана маңынан табылған нәрестенің анасы кім екенін анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

e52f744d42b0ba7a2e23b035c9104dc3_XL

Сурет: 24.kz 

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

22 сәуір күні Ақмешіт көшесіндегі жатақханалардың бірінің баспалдағының астында жаңа туылған нәресте табылды. Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері оны балалар ауруханасына жеткізді. Жынысы ер бала көрпешеге оралған күйінде табылды.Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша (“қауіпті жағдайда қалдыру”) тіркелді.

“Астана полицейлері жедел-іздеу шаралар кешенін өткізу барысында 22 сәуір күні Астана қаласының Ақмешіт көшесіндегі үй маңынан табылған нәрестенің анасы — Ақтөбеде акционерлік қоғамының бірінде жұмыс істейтін 21 жастағы тұрғыны екенін анықтады”,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу іс-қимылдарының барысында полицейлер күдікті азаматшаның 4 сәуір күні Астанаға жұмыс бабымен келгенін анықтады. 22 сәуірде ол жалдамалы пәтерде нәрестені босанып, одан кейін баланы көрпешеге орап, үй жанындағы баспалдақтың астында қалдырып кеткен. Келесі күні ол Ақтөбе қаласына кетіп қалған.

Қазіргі кезде тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 119-бабы (“қауіпті жағдайда қалдыру”) бойынша сот алдындағы тергеу жүргізуде. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 22 сәуір күні Ақмешіт көшесіндегі жатақхана  баспалдағының астында жаңа туған нәресте табылып, жедел жәрдем бригадасы оны балалар ауруханасына жеткізген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада шала туған шақалағын далаға тастап кеткен көкек ана іздестірілуде

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    2 аягын кергенде ойланбай ма, айуан екеш айуан да оз баласын тастамайды!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар