Астанада жарнама жазылған стенд көрме келушісінің үстіне құлап кетті

Стенд құлауының нәтижесінде KADEX-2018 қару-жарақ және әскери техника халықаралық көрмесінің келушісі зардап шекті.

Астанада жарнама жазылған стенд көрме келушісінің үстіне құлап кетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккен адам стендтің жанынан өтіп бара жатқанда қатты жел соғып, ілулі тұрған стенд оның үстіне құлап кеткен.

Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайының қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмады, тек науқастың есін жиғанын ғана атап өтті.

KADEX-2018 көрмесі 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді. Ал кең ауқымды келушілерге 25-26 мамырда ашылады. Оған қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, конструкторлық бюро және ғылыми-зерттеу институттары қатысады.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысының тұрғыны пойызда саудагер әйелді өлтіріп кетті

Теміртауда тұрғын үйлер ауласында адамды өртеп жіберген

Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатып жіберді

Шымкентте бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар