Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері ер адамды құтқарып қалды
Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері 9 қабатты ғимараттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ұлттық ұлан жауынгерлері өзіне қол салмақ болған ер адамды байқап қалады. Ол биіктен секіріп, өзіне қол салмақ болған. Жауынгерлер оны оқыста байқап қалып, дереу құтқаруға кіріседі.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Абылай хан көшесінің бойында болды. Ер адамды құтқарған 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы.
Жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Әділет Нұрбаев кезекші бөлімге хабарласып, ер адамның өзіне қол салмақ ниетте екенін айтады.
Жауынгерлер Әділет Нұрбаев пен Айбек Алмаханов және Нариман Ахмет ер адамды құтқарып, Алматы аудандық ІІБ қызметкерлеріне тапсырды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген