Астанада төрт бүлдіршін суға батып кетті
Астанада Нұра-Есіл каналынан 4 баланың денесі табылды.

ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 24 маусым күні бірнеше баланың суға кеткені туралы хабар келген. Құтқарушылар тек бір күннен соң төрт баланың денесін тапты.
«Таңертең, 5 сағат 17 минутта «Пригородный» тұрғын үй алабының аумағында, Нұра-Есіл каналынан балалардың денесі табылды», – деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Көз жұмған екі бала 11-де, бірі 9, екіншісі 12 жаста болған. Балалар ата-анасының қарауынсыз, тыйым салынған жерде суға түскен. Қазір тергеу жүруде.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"