Астанада түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды

Осыдан екі күн бұрын Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер қолға түсті деп мәлімдеді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.

Еске салайық, 25 ақпан күні Астанада тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті. Қазақстан ІІМ мәліметі бойынша, ер адам ғимараттың бір қабатты корпусының жанындағы серуендеуге арналған алаңнан қашып кеткен екен.

“Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер департаменті Нұра аудандық бөлімінің қызметкерлері Аxмет аулының маңайында “Жигули” көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік салонында қашқын қылмыскер отырды. Ол ұстау барысында қарсылық жасаған жоқ. ҚР Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерінен қашқаны үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған”, – деді ҚАЖК баспасөз xатшысы Ғалымжан Хасенов.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да шаруа: Мақта өсіруде қолданылатын қоспалар адамды өлтіруге дейін апарады

Қандастарымыз «қысым көріп жатырмыз» деп араша сұрап жатса, Қазақстан оларды қайта Қытайға жібермекші

Бұдан былай қазақстандықтар бірнеше елге пойызбен бара алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар