Астанада су басқан көшеде қайықпен жүрген екі жігіт жазаланды
Астанада нөсер жаңбыр салдарынан су басқан көшеде қайықпен жүзгендер жазаланды.

Бұған дейін елорда көшесін су алып, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көліктің жүруі қиындап кеткенін хабарлаған едік.
Желіде тараған видеолардың бірінде үлкен көшелердің бірін су басып, көлік қозғалысы қиындағаны байқалады.
Даңғыл бойында үрлеме қайықпен жүзіп жүрген екі жігіттің видеосы желіде тарап кетті.
Полицейлер екі жігіттің бұл әрекетін бұзақылық деп танып, жауапқа тартты. Екі жігіттің әрқайсысына 5 АЕК (12 025 теңге) айыппұл салынды.
Өз кезегінде қалалық мониторинг және шұғыл жауап орталығының өкілі Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкенін мәлімдеді.
Синоптиктер алдағы үш күн бойы Астанада тағы жаңбыр жауатынын ескертті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген