Астанада сөмкеден табылған әйел мәйіті: Күйеуі әйелін жерлеуге ақша таппағанын айтты
Астана қалалық ІІД қызметкерлері әйелінің мәйітін сөмкеге салып, тастап кеткен ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалқ ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қыркүйек күні Астанада “Шанхай” базарынан табылған сөмке ішінде әйел адамның денесін болған. Анықтай келе марқұмның 26 жастағы Өзбекстан азаматшасы екені белгілі болды. Әйел туберкулез дертінен қаза болған. Полицейлер 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол марқұм әйелмен азаматтық некеде болған. Ортақ екі жастағы ұлы бар.
Күйеуі әйелін жерлеуге ақшасы болмағандықтан мәйітті сөмкеге салып, базарға тастап кеткенін айтты. Өзі қаладан қашып, Түркістан облысында ұсталды. Ал, балалары танысының қолында болған. Ол бейімдеу орталығына жеткізілді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"