Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада селфи-шырша құрылды (фото)

Астананың орталығында селфи-шырша пайда болды. Бұл туралы елорданың Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек хабарлады.

«Құрметті достар! Біз жылдың ең ғажайып мерекесін қарсы алғалы отырмыз. Бұл күні балалар түгіл үлкендер де ғажайыпқа сенеді. Осы мереке қарсаңында Медиа селфи-шырша пайда болды. Оның көмегімен әр адам әлемнің кез келген жерінен қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай алады.

Туған-туысқандарына, достарына құттықтау жолдауына мүмкіндік алады. Осыдан соң мереке бұрынғыдан да қызығырақ бола түседі» делінген әкімнің Инстаграмдағы парақшасында жарияланған хабарламада.

Оның айтуынша, бұл үшін selfi.kz сайтына құттықтау мәтінін жазып, өзінің суретін жүктеу керек. Осыдан соң адамдар ең көп жүретін жердің бірі – қалалық алаңда орналасқан Селфи шыршаға құттықтау мәтіні шығып тұрады.

Оқи отырыңыз:

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Депутат: заңгерлер жұмыс істесе, қаржы қайтарылуы тиіс

Қазақстандағы ең көп пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды

Өзбекстан Қазақстанға 143 млн доллар қарызын өтеді

 

Талқылау