Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сауда орталығының алдында қанды оқиға болды

26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы “Гүлжан” сауда орталығының алдында көптеген адамның көзінше қанды оқиға болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірін-бірі танымайтын екі ер адам жанжалдасып, артынша біреуі уруханаға түскен, ал екіншісі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода зардап шеккен адам қан-жоса болып жатыр, жанынан өтіп бара жатқан адамдар оған көкмектеспекші болған. Видеода мынадай сөздер естіледі: “Ол қансырап жатыр”, “Жедел жәрдем шақырыңыздар”, “Тиіспеңдер оған”.

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 18:00-де түскен. “Оқиға орнына жеткен қызметкерлер 35 жастағы ер адамды тұтқындады. Зардап шеккен 1984 жылғы ер адам “ашық түрде миы зақымданған” және “кеудесінен жарақат алған” деген диагнозбен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіліп жатыр”, – деді баспасөз қызметінің өкілі.

Ұсталған адам жанжалдың неден шыққанын айтып берді. Ол көліктен түскен кезде зардап шеккен ер адам мас күйде болған және балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ер адам оған дене жарақатын салған.  Астана ІІД өкілі оқиға барысында ешқандай суық қару болмағанын айтты. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

 

Талқылау