Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада салынып жатқан элиталық кешеннің төбесі опырылып түсті

Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында төтенше жағдай! Есілдің сол жағалауында бой көтерген элиталық «Қамал» кешеніндегі көлік тұрағының төбесі опырылып түсті,-деп жазды КТК арнасы.

қамаллл

Сөйтіп, әлі құрылысы аяқталмаған көпқабатты баспананың маңы бір сәтте астаң-кестең болған. Құрылысшылар қазір қирандыларды жинап, аумақты тазалап  үлгеріпті. Жоба жетекшісінің айтуынша, қар еріп, жер бірден жұмсарғандықтан паркингтің төбесіне шатыр ретінде жабылған цемент тақталарды бағаналар көтере алмай, құлапты.

Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Апат болған мақтаулы  тұрғын үй кешенін BI Group салып жатыр. Естеріңізге салсақ, дәл осы компанияға тиесілі ЭКСПО аумағындағы декоративті көпір де былтыр қараша айында қирап қалған еді. Ал «Камал» кешеніндегі апаттың себеп-салдарын қазір тексеріліп жатыр.

«Апат салдарын нақты анықтаймыз. Қазір тұрғын үйдің  аумағындағы  жұмыс  уақытша  тоқтатылды. Құрылыс материалдарын  зертханаға  жібердік. Шамамен 3-4 миллион  теңге шығын келді»,-дейді жоба жетекшісі Қайрат Қуанышбаев.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 8 жасар бүлдіршін ірі жол апатында ғажайыптың күшімен аман қалды

ОҚО-да 130 шөбересі бар әжей 100-ші көктемін билеп қарсы алды (фото)

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

 

Талқылау