Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада пәтер бағасы арзандап кетті

Сарапшылар Астананың пәтер нарығында бағаның елеулі түрде құлдырағанын айтып отыр.

9efcf13a1bfd7e04bb849776929d70c3-big

Фото: forbes.kz

Бұл туралы kn.kz хабарлайды.

Қала бойынша орта баға бір шаршы метрге 363,7 мың теңге деңгейінде тұрақтаған немесе 1078 доллар. Бір аптаның ішінде бір шаршы метр құны 1,36 пайызға арзандапты.

19-25 қыркүйек аралығында әсіресе, Есілдің оң жағалауындағы пәтерлер құны арзандаған. Орташа бағамен елордадан 24,7 миллион теңгеге пәтер сатып алуға болады.

Сарапшылар ең қымбат деген тұрғын үйдің шаршы метрі 480 мың, ал ең арзаны 274 мың теңге шамасында деп отыр.

Оқи отырыңыздар:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін депозит ашу комиссиясы жойылады

ОҚО мен Қызылорда тұрғындарын алаңдататын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» бағытталған 14 сұрақ

Қызылордалық жігіттің 3 жылдан бергі арманы орындалды 

Талқылау