Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өзбекстандық 9 қызды сексуалды құлдықта ұстаған

Астанада Өзбекстанның 9 азаматшасы сексуалдық құлдықта болған. Жәбірленушілердің сөзінше, оларды бейтаныс әйел жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті. Онымен қоймай, ұрып-соққан. Құжаттарын тартып алған.

Астанада өзбекстандық 9 қызды сексуалды құлдықта ұстаған

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Аты-жөндерін атамауды өтінген өзбекстандық бойжеткендердің біздің елге келу себептері әртүрлі. Алайда, мақсаттары бір, ақша табу. Мына әйелдің жасы- 25-те. “Отбасылық жағдайым қиын болған соң, жезөкшелікпен айналысатынымды біле тұра келістім” дейді.

“Қандай жұмысқа келе жатқанымды білдім. Бірақ, адамша келіскен соң, ақша төлемей қояды, қинайды деп кім ойлаған. Жағдайымыз адам көргісіз болды. Ауырып тұрсаң да қарамайды. Жұмысқа шыға алмай қалсаң, қарыз қылып мойнымызға іле берді. Бірнеше рет қашуға тырыстық. Бірақ, тіпті әкімшілердің өзі естімейтін саунаға апарып өлімші етіп сабады”.

Ол бұл жұмысты арадағы делдалдар арқылы тапқан. Алғашында жұмыс шарты көңілінен шықса да, келе салып көрмегенді көріпті. Олар күніне өздерін күштеп ұстап келген әйелге 17 мың теңгеден төлеуге міндеттелген. Оның 7 мыңы көлік жүргізушісінің ақысы болса, ал 10 мың әлгі әйелдің үлесі дейді жәбір көргендер.

“ Құрбым сыныптасым осы жұмысты мақтап, маған көмектесемін деді. Сөйтсем, өзі жезөкшелікпен айналысыпты. Мені ана әйелге 200 долларға сатып жіберіпті. Ал, өзі қашып кетті. Өз бетімше аяққа тұрамын, балаларымды асыраймын деп алдандым. Өзім балалар үйінде өстім, ешкімім жоқ”

Ал мына жәбірленуші – 28 жаста. Оны ең жақын құрбысы бала бағушысы етіп жұмысқа орналастырамын деп, алдап соққан. Екі баласын әпкесіне тастап, Астанаға келгенде нағыз тозақ күтіп тұрғанын білмедім дейді. Апталап зорлық-зомбылық көріп, таяқтан көз ашпаған. Ал құжаттарын тартып алған. Ал дәл осы жағдайы бастарына түскендер таяққа жығылғандарды көріп, қашып кеткен. Осылайша, полицияға арызданған.

“Бұл әйелдер бізге 22-қыркүйек күні түнгі уақытта түсті. ІІД-нің қызметкерлері алып келді. Жағдайлары өте нашар еді. Әбден қорыққан, азып-тозған. Қолымыздан келгенше көмектесуге тырысып жатырмыз. Қазір олармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр” – дейді оңалту орталығының өкілі Яна Пинкус.

Міне дәл осы үйде сексуалдық құлдыққа тап болған әйелдер жылдар бойы тұрған. Қорлық көргендердің сөзінше, осы тұрғын үй кешенін олардың басын саудалаған әйел тауып берген. Алайда, пәтерақыны да өздері төлеп келген.Ақша таппақ түгілі таяққа жығылған олар, өмір сүреміз деген үміттен де айрылдық дейді.

“Жедел іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 40-жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі таңда ҚР-қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары да жүргізілуде» – дейді Астана қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова.
Қазір осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал, күдіктіге елден шығуға тыйым салынған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау