Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Астанада 10-12 мамыр күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Елордадағы “Жақсылық Үшкемпіров” атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 86 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі – дзюдошылардың Париж олимпиадасына қатысу үшін ұпай жинайтың соңғы турнирі. Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды. Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:
Ерлер:
-60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Суюкенов
-66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нурсултан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали
-73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов
-81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Руслан Мусаев, Мәди Амангелді
-90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков, Досымов Қудырет, Мавлидов Мұхаммедали
-100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев
+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер:
-48 келі: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай
-52 келі: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева
-57 келі: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Муханбет, Дана Әбдірова
-63 келі: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова
-70 келі: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
-78 келі: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская
+78 келі: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова
 

Талқылау