Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада науқас министрдің көзінше бас дәрігерді сөгіп тастады

Астана қаласы №5 емханасының пациенті Денсаулық министрінің алдында баяндама жасап тұрған бас дәрігерді сөгіп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170324143033

Бас дәрігер Алтыншаш Табылдина министр Елжан Біртановтың алдында емхананың 1,5 ауысымда істейтіні, тәулігіне 900 адамды кезексіз қабылдайтыны жайлы мәлімдеді. Сондай-ақ, барлық пациенттер алдын ала кезекке жазылатынын, науқастарды қабылдау белгілі маршрутпен жүргізілетінінатап өтті.

Осы кезде 70 жастағы науқас Өмірзақ Тайжанова бұның барлығы жалған екенін айтты.  Науқастың айтуынша, ол дәрісін ала алмай, дәрігерлер дұрыс ем жазып бере алмай отыр. Науқас өзінің басқа салалық маманға жете алмай, сабылып жүргенін айтып өтті.

«Бұрын біз дәрігерге алдын ала жазылып қоятынбыз, қазір медбике жазып алады, ол – осы емхананың «құдайы». Тәртіп жоқ», – деді Өмірзақ Тайжанова. «Пациенттің сөзі рас, салалық мамандарға учаскелік дәрігер жазып алады. Бұл мәселе көптеген пациенттерге ұнамайды, біз түсіндіруге тырысамыз, алайда көбісі оны түсінбейді. Қолда ЭКГ болмаса, кардиолог маманға барудың қажеті қанша? Қажеті болмаса, онсыз да үлкен салмақ салынып отырған салалық маманға пациенттерді жіберу қисынсыз», – деді Табылдина. Аталмыш сөзталасты бақылап отырған министр, салалық мамандарға деген сұраныс өте жоғары екенін растады.

«Бұл жерде маман тапшылығынан осындай мәселелер туындап отыр. Бүгінгі біздің басты мақсатымыз – жеке-меншік медициналық орталықтар мен жеке дәрігерлерді кепілдендірілген тегін медициналық қызметтер жүйесіне және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту. Бұл – адамдардың салалық маманды таңдап, оны үш ай күтпестен емінен өтуге мүмкіндік береді. Егер маман соншалықты сұранысқа ие болса, оны күте тұруға да болады, дегенмен таңдау көбірек болуы тиіс.

Біз барлық мемлекеттік және жеке-меншік медициналық ұйымдарды жалпы денсаулық сақтау жүйесіне тартуымыз қажет. Бүгінде мемлекеттік медициналық мекемелерде кезектер көп, мамандар тапшы, тарифтер төмен, содан дәрігердің де жалақысы аз. Жеке-меншік сектор өте қарқынды дамып жатыр, нарықтық бағалар, әрине, содан кейін дәрігерлер сол жаққа кетіп жатыр. Осы екі жүйені біріктіру керек», – деп атап өтті Біртанов.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында 20 жастағы биші жігіт қошқарды 230 рет көтеріп жеңімпаз атанды (видео)

Қарақшыны қаймықпастан қолға түсірген павлодарлық таксист марапатталды

Головкиннің соңғы жекпе-жегінен қанша пайда түсті?

Талқылау