Астанада мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар төлемі теңестірілді

Елордадағы мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға ата-аналардың төлемі бірдей, яғни 16800 теңге болады.

Бұл туралы Қоғамдық кеңес отырысында Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев мәлім етті, деп хабарлайды «Астана ақшамы» газеті.

Оның сөзінше, тиісті қаулы әділет органдарында тіркеліп, аудан әкімдіктеріне хабарланады. Кеңес мүшелері мектепалды даярлықпен қамту және кезекте тұрған балдырған саны туралы сұрады.

«Қазір 26 мың бала балабақша кезегінде тұр. Балабақшамен қамту көрсеткіші оң нәтижені көрсетіп отыр. 2016 жылы бұл көрсеткіш 74 пайызды құраса, өткен жылдың аяғында 78 пайызға жетті. Қазіргі таңда 81 пайызды құрады.

Биыл бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізуді мақсат етіп отырмыз», – деді Д. Жекебаев. Сондай-ақ, Астана қа¬ласында білім беру саласын жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынуда.

Биыл салынатын және алдағы жылдары пайдалануға берілетін жоспарлан¬ған нысандарды қаржылай тұрғыдан қолдау толықтай шешілген.

Оқи отырыңыз:

Жабық есік, аңқау күзетші: Өрт қауіпсіздігін тексерген тұрғындар бірқатар мекемелердің былығын әшкере қылды

Оңтүстік Қазақстанда жоғалған қыздың денесі табылды

БҚО-ның алты полиция қызметкері қылмыс материалдарын таратқаны үшін жазаланды

ОҚО-да өлі күйінде табылған қызды басқа баламен шатастырып алды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар