Астанада краннан ақ түсті, химиялық иісті көпіргіш су ағып жатыр
Астана тұрғындары краннан ағатын судың түсі мен иісін айтып арызданды. Бұл туралы тұрғындардың бірі Facebook-тегі топтардың бірінде жазған.

Онда судың түсі ақ, химиялық иісті және көпіретінін айтқан.
“Шамамен 10 күн бұрын ыстық судан біртүрлі иіс шыға бастады. Бірақ, хлордың иісі емес, басқа химиялық заттың иісі. Дәрігерлер қолын жуатын сұйықтықтың иісіне ұқсайды”, -деп жазды желі қолданушысы Наргиз Зайпилова.
Желі пайдаланушылары бір-біріне ұқсайтын пікірлер жазған.
“Біздегі ыстық су да ақ түсті. Кім біледі, бұл не себепті?”, -деді Фарида Саликова.
“Судан иіс шығады, майлы, көпіреді”, – дейді Наталья Владимирқызы.
Кейін Астана әкімдігі “астаналықтардың өтініші қабылданды, қаралып жатыр” деп хабарлады.
Тағы оқыңыз:
Алматылық полицей қала тұрғынын құлдыққа жіберіп, ұлын өлтірмек болған
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген