Астанада Қазақстанда тігілген әйелдер киімі сатылатын дүкен ашылды (фото)
Астанада Гардероб А1 атты қазақстандық киім тігушілердің өнімі сатылатын әйелдер киімі дүкені ашылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Мұнда әйелге тән нәзіктікті, сұлулық пен сымбатты, сәнді бағалайтын жандарға киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар, сәнді әшекей бұйымдар және өнер мен сәнге қатысты басылымдар ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, жаңа дүкенде тұрақты түрде сәнге қатысты түрлі шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылып тұрмақ.
Айта кетейік, дүкенде «AtelierA1» қазақстандық киім бренді таныстырылды.
Талқылау