Астаналықтар қазақ қыздарының қытайлармен үйленуіне қарсы митингке шықты (видео)

Сәрсенбі, 11 Қаңтар , 2017 16:41

Астанада белсенділер қазақ қыздары мен Қытай азаматтары арасындағы некеге тыйым салуды талап етіп митингке шықты.

Безымянный

Бұл туралы Kazday хабарлайды.

Республика даңғылы бойында орналасқан Қытай азаматтарымен танысуды ұсынатын неке агенттігінің алдына 30 шақты адам жиналды. Полицейлер шеруді сырттай бақылағанымен, кедергі келтірген жоқ.

Белсенділер қытай жігітіне тұрмысқа шыққан азаматшаларды Қазақстан азаматтығынан айыруды ұсынған.

“Ер адам жерді қорғайды, ал әйел – ұлтты” деп жазылған плакакттарда. Сондай-ақ, олар қазақ қызына үйленетін әрбір қытайлық ел қазынасына 50 000 доллар салық төлесін деген де талаптарын айтады.

Белсенділердің талаптарының арасында аталмыш неке агенттігін жабу да бар.

“Пекиннен келетін бай жігіттер Астанаға некелесу үшін ат басын бұрып жатыр. Бірқатар шаралар легі жоспарлануда. Толық қамтылған, европаша білімі бар, ағылшын, басқа да шет тілдерін меңгерген ер адам. Олардың анкеталарымен агенттік офисінде танысуға болады”, – делінген хабарламаларында.

Қазақстанға бай қытай жігіттерінің қыз іздеу мақсатында келетіндігі туралы ақпарат қоғамда ерекше қарсы резонанс тудырған болатын.

Оқи отырыңыз:

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Семейде ауылдан туысқандарына келген әйел дүрбелең тудырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Меңсұлу says:

    открытие данного вида дворца бракосочетания – полнейший бред. Девушки-Казахстански (изъявившие желание посетить данное заведение), неужели Вы думаете, что из китая приедут достойные Вас парни/мужчины???!!! Не нужно допускать кровосмешение, ни в коем случае. Просто почитайте и посмотрите в том же самом инете что они (китайцы) вытворяют со своими женами, сестрами… это полное отсутствие морали, жизненных принципов и просто человечности. Хорошо там, где нас нет – это очень хорошая поговорка. Мы родились в Казахстане, наши родители Казахи, не черните это все. Чтите наши благородные традиции, наш красивый язык, наших аксакалов.

  • Анонимно says:

    Бұл агенттіктің басшысы қазақ емес шығар деп ойлаймын. Қазақ болса да, намысы жоқ. Мұндайларды қоғамнан шеттету керек!!! Қытайға күйеуге шыққан қазақ қызы бақытты болады деп гарантия берер ме екен? Бұл бейшара қыздар товар ретінде пайдаланылып кетпеуіне кім кепіл??? Шет ел азаматына күйеуге шығып қор болып жүргендер толып жатыр емес пе? Ақшасы бар, бай қытай қытайша тәрбиеленген қытай қызына үйленер еді. Біздің қыздарды күңдікке пайдаланады деп ойлаймын. Бұл агенттікті тез арада жабу керек!!! Біздің қазақ қоғамымызға сай, мәдениетті шарамен айналыса алмаса кетсін!!!

  • Анонимно says:

    бұл масқара ғой жер сатып болып енді қыздарымыз ды сату қалды ма? бұл масқара ның ел басқарып отырған азаматтар ға қатысы жоқ па?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар