Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астанада қатты соққан желден адамдар көшеде жаяу жүре алар емес (видео)

Бүгін түнде Астанада дауыл соқты. Тұрғындарға дабылды ескерту алдын ала жолданып, боран соғатыны хабарланды.

15м/с жылдамдықпен соққан желден адамдар аяқ алып жүре алар емес. Көшеде кептеліс басталып, бір күнде 60 жол апаты болды. 1 адам зардап шекті.

Елорда мектептері уақытша жабылып, барлық сынып оқушыларының сабағы тоқталығаны хабарланды. Сонымен қатар колледждің 1, 2 курс студенттері де сабаққа бармайды.

Snowstorm today in Astana #astana #kazakhstan

Публикация от Haidi Nurhashfi (@haidi_nh)

Қазгидрометтіңхабарлауынша, Астанада қар бұрқасыны 3 күнге созылады. 11 қаңтарға арналған болжам бойынша көшпелі бұлт жүріп, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.

Синоптиктердің болжауына қарағанда, 12 қаңтар күні бұрқасынның беті қайта бастайды. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрлік жел соғып, түнде ауа температурасы -11…-13 градусқа дейін төмендейді.

Тағы да оқыңыз:

Танымал қазақ миллионері тергеушілер жауапқа ала бастағандықтан шетелге көшкенін айтып берді

Діни басқарма мәлімдемесі: Балиғат жасына толған мұсылман қызына орамал тағу – міндет

Тағы да сұмдық оқиға: Ақтөбеде банк қызметкері әріптесін қонаққа шақырып атып өлтірді

STAN.KZ
Бейсенбі, 11 Қаңтар, 2018 10:51
Талқылау