Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада кәсіпкер пиццасын криптовалютаға сатып жатыр

Астаналық кәсіпкер фаст-фудты криптовалютаға сатып жатыр. Ол аталған есептесу түрінің алдағы уақытта сәнге айналатынына сенімді.

Бұл туралы “Астана” каналы хабарлайды.

Арслан Айнақұлов фаст-фуд тасымалдайтын сервис ойлап тапқан екен. Оның айтуынша, пиццаны 83 мың сатошке сатып алуға болады. Бұл – тиынның жасанды аналогы. Алайда, күнделікті пиццаның бағасы биткоин мен доллар курсына байланысты өзгеріп отырады. Есептесу блокчейн жүйесі арқылы жүргізіледі.

Кәсіпкердің айтуынша, криптовалюта операциясын жүзеге асыру үшін тек бірнеше секунд қажет. Аталған есептесу түрі электронды ақша тұтынушыларының арасында ерекше танымалдылыққа ие. Мұнымен қатар, кәсіпкер тұрақты тұтынушыларының да көбейгенін айтып қалды. Ол аталған есептесу түрінің алдағы бірнеше жылда сәнге айналатынына сенімді.


Жіберіп алмаңыз:

6 жылдан бері ескі моншаны паналаған көпбалалы ана жұрттан көмек сұрады

Сәбидің денсаулығына салғырт қараған аурухана басшысы жұмыстан қуылды

Отандық дәрігерлер жүрекке пышақсыз ота жасауды үйреніп жатыр

Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды

Талқылау