Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астанада қақаған аязда жартылай жалаңаш күйде жүгірген ер адам көпшілікті таңғалдырды
Астанада өткен қысқы марафон кезінде қатысушылардың бірі қақаған аязда шортымен жүгірді. Оның суреті желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде елордада өткен қысқы марафон кезінде 25 градус аязда шортымен жүгірген ер адамның суреті пайда болды.
“Қандай марафоншы! Диванда отырған менің өзім қайран қалып отырмын”, “Керемет. Көліктен кеңсеге жеткенше тоңып қаламын”, “Тамаша. Мықты екен”, – дейді пікір қалдырушылар.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, II Astana winter marathon-ға жалпы саны 1,6 мың адам қатысқан.
Сондай-ақ, еліміздің басқа да қалаларында, Ресей мен Украинада тағы 300 адам жүгіріп, марафонды қолдаған. Қатысушылардың жасы 12-74 аралығында екен.
5 шақырым қашықтықта жүгіруден Серік Исмайылов мен Адель Шахайдар жеңіске жетті.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”