Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада кафені бұзу кезінде оның қожайыны өзін атып өлтірді

Астанадағы кафелердің бірінің қожайыны өзін қарумен атып өлтірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеп.

Астанада кафені бұзу кезінде оның қожайыны өзін атып өлтірді

Сурет: Айнұр Балакешованың facebook парақшасынан алынды

«Кеше Астанада сот шешімімен сот орындаушысы Қарағанды мен Павлодар бағытындағы айналма жолда заңсыз салынған кафені бұзу кезінде кафе қожайыны өзін тапаншамен атып өлтірді. Қазір мекеме иесінің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Садубаев.

Кафесіне ғимаратты бұзу үшін келген техника мен сот орындаушыларды көріген ер адам өзін атып өлтірген.

Астананың маңындағы «Карабах» кафесі Қарағанды мен Павлодар бағыттарындағы айналмалы жолда орналасқан.

Ал, өзіне қол салған кәсіпкердің есімі Майор Айвазов Рашидоғлы. Астана қаласы Әділет басқармасының мемлекеттік сот орындаушысы кафені бұзу үшін келгенде Айвазов «Карабах» кафесінен 100 метр жердегі орман алқабында суицид жасады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау