Астанада ірі базардан өрт шықты
Астанадағы “BIG Шанхай” базарынан өрт шықты. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрады.

Сурет: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі мәлімдеді.
Өрт туралы хабар сағат түскі 13:30-да түскен. Анықталғандай, қойма ғимаратының шатыры мен құрылыс материалдары жанып кеткен екен.
Өрт сағат 14:07-де ауыздықталды. Жалын шарпыған аумақ 120 шаршы метрді құрады.
ТЖК ресми өкілінің ақпаратынша, өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қызыл жалынды сөндіруге 40 өрт сөндіруші мен 10 дана арнайы техника жұмылдырылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"