Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада “Highvill” тұрғын үйінде шыққан өрт салдарынан 4 адам көз жұмды

Астанадағы элиталық аудан болып саналатын “Highvill” тұрғын-үй кешенінен өрт шығып, 4 адам көз жұмған.

1988535

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“14 шілде 05 сағат 06 минут кезінде 24 қабатты “Highvill” тұрғын үйінің 9 қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы аумағы 65 шаршы метр жерде жиһаз, тұрмыстық техника мен үйдегі заттар өртенген”, — деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт салдарынан 4 адам иіс тиіп өлген, оның екеуі бала.

Оқиға орнына биік ғимараттарда шыққан өртті сөндіретін техника мен 25 адам жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда теледидар 15 жастағы баланың басына түсіп жарылып кетті (фото, видео)

Қазақстандық бизнесмен 13 жастағы ұлына жол талғамайтын көлікті тізгіндеуге рұқсатын берген (фото, видео)

Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп бүгін-ертең құлап қалуы мүмкін

Астанада бойжеткен ішімдік алып бермеген ер адамды өлімші етіп ұрып тастады

Талқылау