Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астанада ер адам несие алған әйелді аңдып жүріп, ақшасын тонап кеткен
Астанада полиция қызметкерлері ер адамды ұстады. Ол банктен несие алған әйелдің ақшасын тонады деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Тергеу болжамы бойынша, күдікті елордалық банктің филиалдарының бірінде бола тұра, несие алып жатқан тұлғалардың бірін құрбаны ретінде таңдаған. Содан кейін әйелдің соңынан жүріп, үйдің ауласында ақша салынған сөмкені жұлып алып, жасырынып қалған. Осылайша, ол 500 мың теңгені қолды қылыпты.
Тергеп-тексеру барысында куәгер қаскүнемді анықтауға және тануға көмектесті. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жасаған ісін мойындады.
«Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – дейді департаменттегілер.
Сонымен қатар полиция аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтардан полиция департаментіне жүгінуін немесе 71-61-51, 8-702-740-90-00 телефондарына немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрады.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді