Астанада ер адам гаражды ұрлап, темір-терсек қабылдау пунктіне өткізіп жіберген
Астанада ер адам гаражды ұрлап, темір-терсек қабылдау пунктіне өткізіп жіберген. Ер адам мен зардап шегуші жақ келісімге келді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
“2017 жылдың 27 қарашасында ер адам манипулятор көлігін шақыртып, ішінде қолданыстағы техника мен өзге заттары бар гаражды тиеп кеткен. Осыдан кейін ол гаражды темір-терсек қабылдайтын орынға өткізіп жіберген. Гараж иесіне 500 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген”, – деінген хабарламада.
Сот жәбірленушіге келтірілген шығын толықтай өтелетінін анықтады.
“Сотта медиация тәртібі бойынша тараптар келісімге келгені анықталды. Осыған байланысты Астананың Сарыарқа аудандық № 2 сотының шешімімен қылмыстық іс тоқтатылды”, – деп хабарлады.
Тағы оқыңыз:
Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)
Қостанайда кеден бекетінің бұрынғы 8 қызметкері сотталды, олардың 6-ы әйел
Америкалық 9 жасар бала ұрыны ойыншық мылтықпен қорқытты
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ