Астанада Chevrolet автокөлігі суға құлап кетті
Астанада «Chevrolet aveo» автокөлігі Тұран көшесінің бойында орналасқан көпір астындағы суға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 шілде күні шамамен сағат 02.00-де Тұран көшесінің бойымен көпірдің астында «Chevrolet aveo» автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автокөлік жүретін жолдан шығып кетіп, артынша өзенге құлап кетті. Жарақат алғандар жоқ», – деді Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
Оның айтуынша, автокөлік судың астынан арнайы техниканың көмегімен шығарылған.
«Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал дайындалды», – деді Софья Қылышбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда ішкіш көршілерінің кесірінен 10 пәтер жанып кетіп, иелері далада қалды
Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін