Астанада «Бораттың» су киімін киіп жүрген шетелдіктер қазақстандықтарды ашуландырды

Астанада 10 қараша күні ЭКСПО маңындағы көлік тұрағының аумағында «Борат» фильміндегі бас кейіпкер стильіндегі су киімін киген шетелдіктер ұсталды.

Сурет: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның айтуынша, тұтқындалғандар Чехия мемлекетінің азаматтары екен. Жасыл түсті су киімін киген ер адамдар ауа райына қарамастан, «I love Astana» жазуының жанында суретке түспек болған.

«Жұма күні ЭКСПО маңындағы көлік тұрағының аумағында Чехия мемлекетінің азаматтары ұсталды. Су киімін киген ер адамдар суретке түспек болған. Аталған дерек бойынша ҚР ӘК 434-бабына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жіберілді», – деп мәлімдеді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбаева.

Астана ауданаралық әкімшілік соты сол күні-ақ аталған іске қатысты үкім шығарған. Чехия азаматтарына 10 АЕК (шамамен 22,5 мың теңге) көлемінде айыппұл жазасы кесілді.

Өз кезегінде Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары шетелдіктердің әрекетіне ашуланып, қатаң жаза тағайындалуын талап етті.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда 3-сынып оқушысы екі жасар сәбиді ажалдан құтқарды

Нұрсұлтан Әбішұлына ғана тиесілі жеке заттар көпшілік назарына ұсынылды

Шымкент тұрғыны Кореяда қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Қазір заң да танысы бардың жағында: Ақтөбе тұрғыны сот орындаушыларынан қысым көргенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар