Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада болған дауыл салдарынан 235 млн шығын келгені белгілі болды

Астаналықтардың дегбірін қашырған дүлей дауылдан 235 миллион теңге шығын келген. Қазір табиғи апаттың салдарын жою үшін коммуналдық қызметкерлердің барлығы дерлік жұмылдырылыпты.

Бірақ атқарылар жұмыс көп. 24 үйге зақым келіп, 7 бірдей мектеп пен аурухана, балабақшаның шатырлары ұшып кеткен. Одан бөлек темір тұлпары жарамсыз күйге түскен тұрғындар қазір кімнен көмек сұрарын білмей дал болып жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендердің бірі – Марат Райымханов. Қатты дауылдан оның тұрақтағы көлігіне тұрғын үйдің жабындысы келіп түскен. Дәл сол жерде тұрған басқа темір тұлпарларға ештеңе болмапты. Енді шығынды кімнен өндірерін білмей басы қатып жүр.

«Бұл табиғи апат болған соң, оған нақты біреудің кінәлі емесі белгілі. Дегенмен мен әлеуметтік желіде басқа жүргізушілерден кеңес сұрап жатырмын. Бірінші дереу полицияға хабар бердім. Бірақ олар таңғы төртте бірақ жетті. Айтуларынша, мұндай шақыртулар кеше өте көп түскен» – дейді тұрғын Марат Райымханов.

Марат секілді шахарда көлігіне зақым келгендер өте көп. Бірінің су жаңа темір тұлпарына желдеткіш қондырғылары келіп түссе, енді бірін күшті жел әкетіп, бір-біріне соғысқан. Қазір жұрт шығындарын өндіру үшін сақтандыру команияларын жағалап жүр. Заңгер Жандос Тұяқов көлік иелеріне дереу 102-ге хабарласып тіркеу керегін айтады.
«Автокөлігіңізге үйдің төбесі құлады ма, немес столбы құлады ма, онда міндетті түрде 102 ге хабарласып, осы оқиғаны міндетті түрде тіркеуіңіз керек. Ал тіркемей, төрт-бес күн өтіп кеткенде менің автокөлігіме зиян келді деп айтсаңыз, ол көптеген қиындықтар туғызады» – дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Заңгердің сөзінше, егер тұрғын үйдің жабындысы көлікке келіп түссе, ал үй жақында ғана пайдалануға берілсе оған мердігер компания жауапты. Ал кепілдеме уақыты өтсе оған жөндеу жұмыстарын сапасыз жасаған пәтер иелері кооперативі өтеп беруі тиіс.

«Біздің тұрғын үйлер, қойылған мысалы столбылар, кеше Ұлы Дала көшесінде өзім көрдім өз көзіммен құлап жатқанын. Оның бәрі сапасыз жүзеге асырғандығын айтып отыр.Өйткені дауыл дейтін ақырзаман болатындай дауыл болған жоқ дауылға жаба салатындай. Оған шыдап төтеп беру керек» – дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Бас қаланың тұрғындарын әбігерге салған алапат дауылдың салдарымен әкімдік күресіп жатыр. Кеше ғана қатты желге шыдас бермей тесіліп қалған үйлердің қабырғасын құрылысшылар жөндеп үлгеріпті. Ал жалбырап қалған жарнамалардан бөлек, кейбір көшеде қоршаулар әлі құлап жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шаһарды астаң-кестең еткен дауылдан келген шығынды есептеп қойыпты.

“Шығын есептеліп жатыр, әлі аяқталған жоқ. Кеше зардапты жою штабының жедел кеңесі өтті, тапсырмалар беріліп, барлық ақпарат өңделді. Бүлінген жерлерді қалыпқа келтіру үшін шамамен 235 миллион теңге қажет” – дейді қалалық төтенше жағдайды ескерту бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымқызы.

Бір анығы, халыққа алдын ала ешқандай дауылды ескерту туралы хабарлама таратылмаған. «Қазгидромет» өкілдері секундына 15 метр жылдамдықта жел соғатынын болжағанмен оның күші 25 метрге дейін жетті. Оның себебін былай түсіндіреді.

«Кешегідей құбылыс локальді құбылыс деп аталады» – дейді «Қазгидромет» РМҚ орталығының жетекші-инженері Айгүл Алданбергенова.

Айта кетсем, кеше Елордада дүлей дауыл болып, бірнеше ғимарат пен көлікке зақым келді. Желдің екпіні күшті болғаны сонша, алып құрылыс кранын сұлатып түсірді. Абырой болғанда, одан зардап шеккендер жоқ. Қазір қаладағы коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Тағы да оқыңыз:

3 жасар қазақ баласы теледидарға қарап отырып құран әріптерін үйреніп алған (видео)

Маман: Қыздық перденің 9 түрі болады (видео)

Қазақ жігіті: Сүйген қызым пәк болмай шықты (видео)

Қытайдан келген қазақ: Сауыт кигізіп 12 сағат қинады, ассалаумағалейкум деп сәлем бермейсің деді

Талқылау