Астанада бірінші сыныпқа ақ бантсіз барған оқушы алғашқы қоңыраудан қуылды

Сенбі, 3 Қыркүйек , 2016 10:54

Астанада сынып жетекшісі бірінші сыныпқа жаңадан барған оқушыны шашында ақ бантигі жоқ болғандықтан, алғашқы қоңырау рәсіміндегі  қатардан кетуін талап еткен.

оқушы

Білім күні болған ыңғайсыз жағдай туралы оқушының анасы Қарлығаш Оңғарова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды,-деп хабарлайды Stan.kz.

оқушы1

«Оқушылардың барлығы мектеп алдындағы алаңға қатармен тұрғызылды. Ата-аналарға ол жерден әрірек тұру керектігі айтылды. Біркезде қасыма қызым жылап келді. «Не болды?» деген сұрағыма «қатардан әрі тұр» деп айтты мұғалім дейді. Сынып жетекшіден жағдайды сұрасам «Бізді арналар түсіріп жатыр, қызыңыздың басында бантигі жоқ. Ленейкада көрінбей-ақ қойғаны дұрыс» деп жауап берді. Мұғалім өз ұлының тойын ұйымдастырғандай кімнің қандай киімде, қайда тұратынын шешеді ме? Қызым сол мектеп бектікен киімде. Ал қай жерде  қыздардың шашында ақ бантик болуы керек деген талап бар? Сынып жетекшісі жаңадан мектепке барған қызды бірінші күні-ақ жылатты. Арналар мектептегі алғашқы қоңырауды түсіріп жатқан болса не болыпты?

Қызым таңмен 7-де тұрды. Мектеп киімін киіп алып әрлі-бірлі үйдің ішін кезді. Оған бантик байламаған мен. Себебі, маған бантик ұнамайды, қызыма жараспайды. Оның үстіне бірінші күні балаларды бір-бірімен, ұстазымен таныстыру ғана болады.

Не себепті мереке күні қызымды бір сағат бойы жұбатып, соңында мектепке онымен бірге кіре алмаймын. Ақыры кімнің соңынан еретінін білмей бала адасып жүреді.

Мұғалімі жылатқаннан кейін баланың мектепке де барғысы келмей қалды.  Күткен мерекесі ойындағыдай болмай шықты»,-деп ашуланды оқушының анасы.

Астана тұрғыны осы оқиғадан кейін қызын басқа сыныпқа ауыстыруға шешім қабылдапты.

Жіберіп алмаңыз:

Сабақ басталмай жатып бірінші сынып оқушылары мектептен қуылып жатыр

Қарағандыда егіз ата-аналардың егіз балаларына егіз мұғалімдер сабақ бермек

11-жасар алматылық отбасын асырау үшін ақысына өзінен кішілерді сабаққа дайындайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

46
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мугалимдики дурыс окушы бантик тагу керек шашын жаиып тойда журме екен

  • Бантик тагу керек еды says:

    бантик тагу керек еды,жараса ма жараспай ма , менимще озиниз кыналисиз

  • Анонимно says:

    Мугалимдики дурыс. Жалбыраган жарасып турма сонда бантик таксын. Не жараскан жараспаган керек балага

  • Анонимно says:

    Мугалимдики дурыс, бантик тагып бару керек, 1сыныптан бастап бантик такпаса, 11-шы сынып битирем дегенше шорти кийп баратын шыгар.Казир ата-аналардын ози дурыс емес.

  • Анонимно says:

    Ол али бала гой жай тусиндирип айту керек еди.Мугалимдики дурыс емес деп ойлайм.Бантикте турган неси бар. Ен бастысы сабакты жаксы окыса болды емеспе.

  • Анонимно says:

    Надандық бұл. Мамасы дұрыс жасады бантик вообще служанкалардың киімі. Дамыған мемлекеттерде жай ғана бірдей формас киседе жеткілікті. Оларда да шаштарын жібереді бірақ оскенде не жеңілтек болып кетпейді . Ай қазағым ай түймедей істен түйедей іс шығарып

  • Анонимно says:

    Калай кыз балага бантик уйлеспейди. Мумкин емес кыз балага уйлеспеу. Мына ана калай гана кызыма уйлеспейди деп айтты. Кез келген ата ана ушин балдарынан сулуы жок шыгар. Онын касында карга баласын аппагым дейд

  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс жасапты окушы окушы деген атка лайык киину керек

  • Анонимно says:

    Мұғалімнің әрекеті өте дұрыс. Мүмкін ол қыз ертең белдемше ұнамайды деп жыртық шалбармен келетін болар.

    • Анонимно says:

      Арине мектепте оқитын оқушы талапқа сай болукерек ол студент емес кой озы былетын

  • Жұмбақ жан says:

    Шашын жалбыратпай жинап келсин

    • Анонимно says:

      Қалай болғанда да мұғалімдікі дұрыс емес , бұндай адамнан жақсы ұстаз шықпайды.

      • Анонимно says:

        Кателестиниз о те. Кызынын шашын жалбыратып мектепке акелген ана дурыс тарбие бермейди десениз бир жон. Устаз дурыс жасады.

    • Анонимно says:

      Əр мектептің өз киім үлгісі болады…қазірден бантик тақпаса…

    • Анонимно says:

      Бантик таккан жарасымды гой таккысы келмеитин кызды уйреткен дурыс ау

1 2 3 4

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар