Астанада банкоматтан 170 мың шешіп алған әйелді екі адам ұрып, ақшасын тартып алды
Астанада әйел адамға шабуыл жасап, оның 170 мың теңгесін тартып алған қаскөйлер ұсталды.

Күдіктілер 19 жастағы бойжеткен мен 33-тегі ер адам екен. Екеуі де Қарағанды облысының тұрғындары, деп хабарлайды Еуразия.

Полицейлердің мәліметінше, қарақшылық жасаған қыз зардап шегушінің қаладағы банктердің бірінен ақша шешіп алғанын көріп, ол жайлы сыбайласына хабарлайды.

Сөйтіп, екеуі әлгі келіншектің ізіне түсіп, үйіне дейін еріп барған. Ұрымтал сәтті пайдаланып, оған аулада тап беріп, қаржыны қолдарына түсіргесін тайып тұрған. Алайда, қаскүнемдер алысқа ұзап кете алмады. Тәртіп сақшылары екеуін де ұстап, тергеу изоляторына қамады. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы анықталып жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”