Астанада алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі 14 оқушыны ұрып тастаған

Жексенбі, 23 Сәуір , 2017 16:40

Астанадағы мектептердің бірінде оқыс оқиға болды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 14 жоғары сынып оқушысын соққыға жықты. Оған оқушылардың тәртібі себеп болған. Оқушылардың бірі мұғалімге дөрекі сөйлеген, деп хабарлайды КТК арнасы.

1464339489_dsc_8226-copy

“Ол сыныптасымыздың бірін аяусыз ұрып тастады. Екінші сабақ кезінде оқушы мұғалімді қалжыңдап келеке етті. Мұғалім оны естімеген шығар деп ойлағанбыз. Біз оқушыны жақтамақ болып едік, бізді де ұрып жіберді. Екінші рет қайталанатын болса, істің қалай аяқталатынын ескертті”, – дейді Аманжан Ахмед.

Ата-аналары балаларының таяқ жегенін жақында ғана білді. Оқушылардың денелері көгеріп қалған. Мұғалім нұсқау таяғымен ұрған. Осыдан кейін ата-аналар полицияға арыз жазады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Мұғалім қызметінен босатылды.

“Біз онымен сөйлестік. Мұғалім кінәсін мойындады. Ол бізде 7 жыл жұмыс істеп, өзін жақсы жағынан көрсеткен. Оқушылармен де ара қатынасы жақсы болатын. Бүгін оның оқушылардан ақша талап еткенін айтып жатыр. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Ол өзін оқушылар балағаттаған соң ұрып жіберген”, – дейді Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейінің директоры Әлия Шонова.

Тағы да оқыңыз:

2 млн теңге тауып алған Шымкент тұрғыны иесін іздеп тауып қайтарып берді

Бердібек Сапарбаев зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жигит емес катынсындар го,сендерди де еркек дейди,еще оздериннин кинали екендеринди билип отырсындар.

  • Anonymous says:

    Мугалимнен таяк жедик деп айту уят нарсе еди даже таяк жесенде бир калып ты нарсе еди жигиттердин арасында !!! Казир туртип калсан мугалим кинали болып шыга келеди !!!

  • Anonymous says:

    Жигиттер не болып бара жатыр? Оздерин тиiсип, таяк жединдер. Оз киналарынды билип арыз жазбай-ак коймайсындарма. Жигиттикке жатпайды гой бул тирликтерин. Ертен армияга барасындар катты сойлегендердин барлыгына арыз жаза бересиндерма? Жигиттер не болып бара жатырсындар?

    • Anonymous says:

      Өте ұят жігіт болсаңдар ұстаздан кешірім сұрап оның өз орнына келуінсұраңдар сендер не өмір бойы ата аналарыңмен жүресіңдер ме аяныштысы сол қаншама ата ана ішінде бір ата ана Алладан қорықпаған ұстаздың аты ұстаз оның орны төрде

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар